Рухыңмен асыл кеудемді менің толтырдың, Сөзіңмен шуақ көңіліме менің нұр құйдың. Түбіне күнә көлінің батып кетер ем, Құнымды төлеп, мен үшін азап шекпесең. Сүрінсем, сүйеп, Жығылсам, қайта тұрғыздың, Әлсіреп әлім, Құласам, қуат-күш құйдың. Бетіме баспай, Қатемді менің кешіріп, Жалтақтап, жалғыз қалғанда, маған, Жаныма келдің жүгіріп. Сөздерің Сенің жолдарға жарық нұр шашқан, Мейірің Сенің адамға құшақ кең ашқан. Құрбан ғып Ұлды күнәмыз үшін бердің Сен. Адамзат барар алдыңа жолды Сол ашқан.إلهي يريد mḥbtk yạ rby hyạ llbsẖạrh hllwạ llrb ไม่ใช่แรงหรือกำลัง It's not by might nor pow'r Parla il tuo servo ascolta Pane, vždy keď Tvoju svätosť zriem Boże mój, który widzisz Avia Fanahy o, midina Hianao rby ạdạny ktạb tẖmyn
Song not available - connect to internet to try again?