Сиынғанда, сиынғанда Құдайменен сөйлесем, Қиналғанда, түн болса да, Ұйықтамастан сиынам. Жаратқанның алдында, Мен тізерлеп қол созып, Бар қайғымды айтып жалындым: О, Құдайым, мені ұқсаң, Тек Сенен күш сұраймын. Күшім кетіп, тұрмын әлсіреп. Сыртта қатты дауыл ұрып, Бет қаратпас мұздай қар. Дәл осындай боран болып, Жүрегімді сыздатты. Әлсіздігімді сезіп, Көзімнен жас құйылып, Мен Исаға тұрып жалындым: Сен білесің, Құдайым, Жүректегі қайғымды, Тұңғиықтан қайтып шығам мен? Жеңіл-желпі оңай өмір, Тілемеймін Тәңірім, Қасіреті, қайғысы мол, Болса-дағы жолымның. Тілеймін мен бір ғана: Әрдайым сезіп тұрсам, Сенің құдіретті қолыңды, Шырмалынған жолдардан, Жағаласқан жаулардан Өзің алып шығасың Құдай. Сиынғанда, сиынғанда, Разы болып, қуанам. Даңқтап Сенің рақымыңды, Құдіретті күшіңді. Күш күткенде әлсіреп, Азғындыққа алданып, Мен жығылдым қарсы тұра алмай. Жүректен шыққан күйік, Саған жетті Құдайым, Сиынып Сенен қуат алдым.yswʿ ạ̉ʿjb bạsmh مەنىڭ باقىتىم سەن ۔ يسا! The Solid Rock هذا هو اليوم السعيد Kruin: Die Seën zhǔ wǒ yǒu yī shì qiú nǐ Yüreğimi Döktüm صمت لا افتح فمي Šiel kadiaľ ja chodím shén shì hù wèi gān
Song not available - connect to internet to try again?