Таң шапағындай, жүзіңнен нұр төгіліп, Ең сұлу жан тек сенсің бүгін әлемде. Желегің тұр желбіреп, келін, міне, келді деп, Жанарың жайнап, қуанышқа бөленген. Жиылған жұрттың қадалды-ау саған жанары, Бал-бұл жүзің көз жауын алып барады. Тал бойында төгіліп тұрған ақ көйлегің, Пәктігіңнің куәсі болып қалады. Тәңір еркімен ата-ана үйін қалдырдың, Жан жарыңмен мәңгілік бірге болуға. Кездесер қуанышы мен қайғысын тағдырдың, Асыл жарыңмен бірге қарсы алуға. Бүгін қалыңдық, ал болашақтағы анасың, Сүйген жарыңның жүрек кілтін таба біл. Исаның сөзімен ұрпақтың толтыр санасын, Мінәжатпен барлық қамалды ала біл. Ақ көйлек, ақ желекті, көптен күткен тойың тез, Өте шықты деп қам көңілді болмағын. Асыға күткен нағыз қымбат арманың, Қалыңдық болып Иса Мәсіхпен кездесер кез.Sen quyosh boʻlsang gar Be It Unto Me صلاتي معاك ywmhạ kạn ạlqlb dạyq Se cuvine sa Te laud Domnul meu Бир, икки - Худо меҳрибон Я смотрю на небес вышину У потока Jézus Krisztus, megengedem tạyb ạ̉nạ wndmạn
Song not available - connect to internet to try again?