Тек Мәсіхте үміттенем, Ол жарығым, күшім, әнім. Дауыл соқса, азап, шөлде, Берік негіз іргетасым. Қасірет пен қорқынышта, Махаббат пен тыным шыңы, Менің барым, жұбанышым - Мәсіх нұрында мен тұрам. Тек Мәсіх боп тәнде келді, Құдай Өзі Сәби болды. Ол әділдік, сүю сыйы, Адамдар бірақ бас тартты. Айқышта Ол өлген кезде, Тынышталды Құдай қаһары. Оған біздің күнә артылды, Тұрам Мәсіх өлімінде. Жерге көмді Оның тәнін, Түнек басты әлем нұрын. Даңқты күні Ол жарқ етті, Қабірден Ол қайта тұрды. Иса Мәсіх - жеңімпаз Ол! Күнә қарғысы жойылды, жоқ. Ол менікі, мен Онікі, Мәсіх қаны жуды мені. Еш айып жоқ, қорқыныш жоқ, Бұл мендегі Мәсіх күші. Сәби кезден, соңғы шаққа, Өмірім Иса қолында. Тозақ торы, амал-айла, Қолынан Оның еш алмайды. Ол келгенше, шақырғанша, Тұрамын Мәсіх күшінде.ḥkạyẗ ʿdrạ Wierzyć mnie, Panie, ucz Jesus ble født i en stall Я, восхищенный يا تري اي صديق Иса бізді сүйеді, аллелуя! نەلىكتەن ٴشوپ وسەدى؟ Canto d'autunno Pune-ti mâna Doamne yé hé huá ní xī
Song not available - connect to internet to try again?