Тыңдашы әке, бірер сәтке ұлыңды, Өзіңе арнап кіші-гірім жырымды. Құлақ салшы, Ізгі хабар айтайын, Бұл туралы естіп пе едің бұрын-ды? «Сен кімсің?» деп баласынып, сөкпеші, Аз өміріңді ысырап қып төкпеші. Құдай бізге жіберіпті Мәсіхті, Мәсіхсіз сен о дүниеге өтпеші. Құдай беріп Құтқарушы Мәсіхті, Көкке кірер «есікті» Ол ашыпты. Ашық есік жабылмастан тұрғанда, Тәубе қылып, тез кіруге асықшы. Мына өмірдің мәні жайлы ойлашы, Бар ма екен мағынасы, пайдасы? Жанбағыс та, күнкөріс те болар-ау, Бірақ Мәңгі өмірден құр қалмашы. Сен де ойлашы, тағдырыңды анашым, Құдайға тек Исаменен барасың. Иса арқылы тәубе қылсаң Құдайға, Сонда ғана жан тыныштық табасың. Күнәмізден жалығыпты Ол, жеріпті, Құтқаруға Иса болып келіпті. Адамзатты сүйгендігі соншалық, Өзін-өзі құрбандыққа беріпті. Бізді өсіріп, бақтың, қақтың, баптадың, Әдет-ғұрып, ырымдарды сақтадың. Осылайша құтқарылам дейсің сен, Бірақ бұлай құтқарылу таппадың. Алла дейсің, дұрыс, бірақ сол Алла, Берген екен бар билікті Исаға. Сен де аласың кешірім мен мәңгі өмір, Исаға кел, жалтақтама, жасқанба.ạsẖfyny ลูกเข้ามาสรรเสริญพระองค์ I Just Want to Praise You, Lord Роди се в Витлеем дете zài dòng dàng bù ān de nián dài lǐ Әслидә мән кәчүрүлмәс гунаһкар едим Un suflet Te cheamă să vii o Isuse Spievajme žalm Мир моей мечты Cand te afli-ngrijorat strigă către Domnul Rab Güvenilirdir
Song not available - connect to internet to try again?