Құрбан еттің біз үшін, Қасиетті жаныңды. Төгіп кеттің мен үшін, Өз Киелі қаныңды. // Күнәлардан құтқарып, Мәңгі өмір сыйладың. Жан-тәніммен ұмтылам, Ұсынғанда бағыңды. // Сен әлемді жаратқан Бір Құдайдың Ұлысың Шынайы өмір беретін, Мөлдір бұлақ көзісің. // О, Тәңірім жасаған, Патшалығың жақындап, Осы әлемге жарқырап, Төгіп тұрған нұрысың. // Жанға дәру беретін, Жүрекке жылу төгетін. Жаратқан Өзің пендеңе Көңілінді бөлетін. // Қандай шексіз махаббат Қандай ыстық құшағың. Қуанғанда Өзіңе, Қияға самғап ұшамын. // Нұрыңды төкші халқыма, Қараңғыдан құтқаршы, Шындық тапсын жолыңнан Күнәсінан арылтшы. // Жаратқан біздің Иеміз, Тәңіріміз Бағушы. Тар жолменен жетелеп, Мәңгі өмірге апаршы. //أنت هو الرب وحدك Seigneur, par tes bontés Moc Tvojej lásky a slávy Shifo Ты моя Жемчужина Иисус Иса - Ты любовь моя Nim Pana ja znalazłem باكتب لك أيامي رسالة Bwana Mungu, Nashangaa Kabisa Astept o zi cuprins de nerăbdare
Song not available - connect to internet to try again?