Ұлы Құдай, Әкелік мейіріммен, Сыйға тартып, нұрыңды төккенде, Өз қолыңмен Жаратушым жасаған, Бар тіршілік, әлемді көргенде. Тәңірім, сонда Саған рухым жырлайды: Ұлысың Сен! Ұлысың Сен!. Аспанға, жұлдыздарға көз салсам мен, Ғажайып жарқын әлем жүзіне. Мұхиттағы кемедей жүзіп жүрген, Ай мен күнді әуеде көргенде. Жаратылыс көктемде құлпырғанда, Жұпар иісі кеудеме толғанда, Бұлбұл әнін тоғайда естігенде, Бұлақтың сылдырын тыңдағанда. Күн күркіреп, найзағай жарқ еткенде, Үстімізден қара бұлт төнгенде, Кемпірқосақ назарыма түскенде, Құнарсыз жерге жауын жауғанда. Адамзатты сүйіп жер бетіндегі, Қайғы-қасіреттен құтқарғанда, Мейір төгіп, жасаған қасиетті, Істері туралы оқығанда. Бұл дүниеде адамға үлгі болған. Мәсіхтің жуас жүзін көргенде, Айқышта кешірімін беремін деп, Бар әлемнің Патшасы өлгенде. Жүрегімді құмарлық жайлағанда, Бар қайғы-мұң жанға батқанында, Мейіріммен басып Өз кеудесіне, Жылы сөзбен мені Ол жұбатар. Иса мені Өзіне шақырғанда, Нұрын шашып, сәулесі жарқырап, Сонда рухым үн шығармай қалады, Ұлылығын Құдайдың мойындап. Құдайымызды ән-жырмен мадақтау игі, Бұл қандай ұнамды да жарасымды!الإسم مسيحي Stale za Jezisom أنا غريب وتايه Мы у берега земного Música del Cielo O Come O Come Emmanuel 유월절 어린양의 피로 예수전도단 Bağışlandı إدي له فرصة All glory, laud and honour/St. Theodulph
Song not available - connect to internet to try again?