Сиынғанда, сиынғанда Құдайменен сөйлесем, Қиналғанда, түн болса да, Ұйықтамастан сиынам. Жаратқанның алдында, Мен тізерлеп қол созып, Бар қайғымды айтып жалындым: О, Құдайым, мені ұқсаң, Тек Сенен күш сұраймын. Күшім кетіп, тұрмын әлсіреп. Сыртта қатты дауыл ұрып, Бет қаратпас мұздай қар. Дәл осындай боран болып, Жүрегімді сыздатты. Әлсіздігімді сезіп, Көзімнен жас құйылып, Мен Исаға тұрып жалындым: Сен білесің, Құдайым, Жүректегі қайғымды, Тұңғиықтан қайтып шығам мен? Жеңіл-желпі оңай өмір, Тілемеймін Тәңірім, Қасіреті, қайғысы мол, Болса-дағы жолымның. Тілеймін мен бір ғана: Әрдайым сезіп тұрсам, Сенің құдіретті қолыңды, Шырмалынған жолдардан, Жағаласқан жаулардан Өзің алып шығасың Құдай. Сиынғанда, сиынғанда, Разы болып, қуанам. Даңқтап Сенің рақымыңды, Құдіретті күшіңді. Күш күткенде әлсіреп, Азғындыққа алданып, Мен жығылдым қарсы тұра алмай. Жүректен шыққан күйік, Саған жетті Құдайым, Сиынып Сенен қуат алдым.rby sbyt qlby bwdạdk Ner'de koyunum Всей своей душой Nie zapomnij, nie zapomnij Godiya...ah, Godiya Ga Allah Chi ci può cambiare يا رب ما أحلي السلام قد علمت Bergsig: What a Beautiful Name Dikenden taç ördüler
Song not available - connect to internet to try again?