Аспандағы жарық күн, Қызарып барып батпай ма? Тіршіліктің дәм-тұзын, Құдай мен адам татпай ма? Қанағат, тоқтам, әрқашан Абырой саған әперер. Тіршілікте мәңгілік, Сені тек Құдай мәпелер. Арманшыл менің бауырым, Тілеймін саған тура жол. Сол тіршілік тұтқасы Ақиқат біреу: Иса - Ол. Айналаңа көз салып, Ақылмен бәрін сарала. Өмірдің тап тұтқасын, Әлемді түгел арала. Мына өмірдің мәні мен Мақсатына көз жеткіз. Ақиқаттың, ақ жолдың Шұғыласын жарқ еткіз! Қайта тумай өмірге, Мәңгілікке бармайсың. Мынау жалған өмірден, Тек өкініш қармайсың. Көктемде шыққан қызғалдақ, Күз болғанда солады. Бүгінгі байлық, шат өмір, Ертең-ақ қурай болады. Тек қана Құдай мәңгілік, Мәңгілік болып қалады. Құлпырып өскен қызыл гүл, Күз жеткенде солады. Айналайын, бауырым, Арманың болсын мәңгілік. Тура жолға кел сен де, Құдайды жырла ән қылып.Manana fiorenana ny fiangonan'i Kristy พระองค์ทรงพระคุณ Ариун Сүнс бууж ирвэл كيف أشكرك من أجل Ты жил среди нас ادي قلبي Çünkü Sen fyh nạs Sinking Deep Cennetin Ezgisi
Song not available - connect to internet to try again?