Қос қанатындай құстардың, Қос жүрек бір жол таңдады. Жұлдызы жансын жастардың, Ұзақ сапарға қамданды. Аңсаған өлкеге бірге жеткенше, Өмір сынағынан аман өткенше, Белестерді, ойлы-қырлы жерді өтіп, Ұшыңдар, ұшыңдар, ұшыңдар. О, тұнық аспан сол жерге, Орнатқан Тәңір қаласын. Мәңгі қалатын сол елге, Сағына назар саласың. Тоңды жерге күн шуағын сепкендей, Нұр шуақта бүр жарыңдар көктемдей. Белестерді, ойлы-қырлы жерді өтіп, Ұшыңдар, ұшыңдар, ұшыңдар. Шамшырағы жас отаудың, Жап-жарық боп жанып тұрсын. Адасқандар жарығының, Сәулесіне келіп тұрсын. Махаббат алауын мәңгі жағыңдар, Мәсіх шамшырағы болып жаныңдар. Белестерді, ойлы-қырлы жерді өтіп, Көктегі мекенге ұшыңдар тездетіп.Я Раб, Шимди Есенликле Бог наш сотворивший мир Nad touhy mé Davanti al trono Мы идем по этому пути Oh Sing Tazameni Huyo Ndiye Yabo Ga Allahnmu, Shi Ne Mahaliccin Kome Prendi queste rovine Творца небес прославлю я
Song not available - connect to internet to try again?